Бір бокалдағы шарап әзірлеу тарихы, дәстүрлі және технологиясы
Өзіңіз үшін біздің шараптарды ашыңыз
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында құнарлы алқап орналасқан, онда мыңдаған жыл бұрын тұт ағаштары өсіріліп, ежелгі ұлы билеушілер үшін сапасы жоғары жібек өндірілген. Тұт жапырақтары жібек құртына қорек ретінде қызмет еткен, жібек құртының пілләларының қабығынан Шығыс Азия мен Жерорта теңізінің арасында жүретін саяхатшылар мен бай керуендер үшін жоғары сапалы жібек өндірілген.
Түркістаннан 25 км және Кентаудан 12 км қашықтықта орналасқан Қарнақ ауылының шетінде және қазіргі таңда «Имам Бахил әулие» атты киелі жердің аумағында орналасқан алып тұт ағашын көруге болады. Тұт ағашының тарихы бірнеше жүз жылдан астам уақытты қамтитыны сөзсіз.
Ағаштың ежелден өсіп тұрғанын өлшемі үлкен діңі мен бірнеше адам еш кедергісіз сыйып кететін қуысы, жайыла өскен әрі көптеген қураған бұтақтары дәлелдейді. Тұт діңінің диаметрі шамамен 3 метрді құрайды, құлашы 9 метрден асады.
Біз жүзімдіктерді отырғызумен қатар жаңғақ орманын жандандырып, мыңнан астам ерекше ағаштардан тұратын тұт аллеясын қалпына келтіріп, аумағын кеңейте алдық.
Жоғары сапалы винтажды шараптар шығаратын жаңа модернизацияланған кәсіпорын – «Silk Alley» ЖШС шарап зауытының атауының тарихы осы жерден басталған.
2010 жылы Chateau Silk Alley (Жібек аллеясының Шатосы) атауы көркем шарап кешенін салу туралы шешім қабылдады. Бұл жоба – климаттық деректер бойынша Франциядағы беделді Бордо (Institut d 'Oenologie de l' Universite de Bordeaux II) институтының жоғары білікті мамандарымен бірлесе жүргізілген көпжылдық зерттеулердің нәтижесі.. Осылайша, біз қазіргі таңда шарап өндірісіндегі әлемдік көшбасшылармен бәсекелесуге мүмкіндік беретін қазақстандық шарап жасау идеясын жүзеге асыра алдық.
Толығырақ