Syrah RESERVE
100% Шираз сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл құрғақ шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Құрғақ қанық күрең түсті шарап.
Шараптың қарқынды жұпар иісі түрлі дәмдеуіштер мен татымды шөптердің тонына бай, сондай-ақ жидек ноталарымен, шиенің иірімдерімен толыға түседі, ал татымдылық, карамель және еменнің реңктері шарап дәмінің одан сайын көркем ете түседі.
Шараптың өте нәзік, сезімтал, жұмсақ әрі таңдайда ұзақ сақталатын тұрақты иірімі өзара теңдесім тапқан көркем дәмі бар. Шараптың дәмі қаныққан, қара қарақаттың ноталарымен толыға түскен, дәм татқан соң таңдайда піскен жемістер мен мейіздің реңктері ұзақ сақталады.
Шарап қой және сиыр етінен әзірленген тағамдармен, стейкпен, бұғы етімен, қозы еті және еттен жасалған тіскебасарлармен тамаша үйлесім табады. Оны паштет, барбекю және қатты сырлармен қоса ұсынуға болады. Біршама уақыт бұрын сираның шығу тегі туралы бірнеше нұсқа болған. Соның бірінше, бұл сорт Персиядағы Шираз қаласында (қазіргі Иран аумағы) пайда болған, тағы бір нұсқаға сәйкес Сирияда өскен. Үшінші нұсқа бойныша, оны Мысыр елінен сицилиялық Сиракуза арқылы Францияға жеткізген. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.