Saperavi RESERVE
100% Саперави сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл құрғақ шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қанық қара-рубин түсті шарап.
Ащы дәмдеуіштердің реңкі, қышқылтым иірім және таңдайда сақталатын тұтқыр нота арқылы сезілетін жеміс-жидек шлейфі осы иістің нағыз сипатын бейнелейлі.
Дәм татқан уақытта шарап қою әрі созылыңқы болып сезіледі. Саперави дәмі расында осылай – қышқылтым, тұтқырлау болуы керек деп бастапқыда-ақ «шешілген». Оның керемет бай жидек дәмі бар Қара өрік, шие және анар нюанстары айқын сезіледі.
Бұғы еті мен ризоттоға, көк сырға, пісірмелерге, шоколадқа, жемістерге, пістелерге қосымша ұсыну үшін таптырмас сусын. Жүзімнің бұл сортының шығу тегі Грузияға тән, әдетте ол дәстүр бойынша Кахетия мен Имеретияда өсіріледі. Осындай атауы бар алғашқы ресми шарап 1886 жылы пайда болды, алайда бұл сорттың тарихы бірнеше жүзжылдықты қамтиды. Саперави жүзімінің мәйегі жұмсақ, шырынды, ақшыл рубин түсті. Оның түсі барлығының ішіндегі ең қарқындысы деп саналады. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.