Muscat Ottonel
Кеш жиналған 100% Мускат Оттонель сортынан арнайы технология бойынша әзірленген тәтті ақ шарап.
Хош иісі егін жинау жылындағы климаттық жағдайға байланысты сары гүл, раушан майы, қалампырдың реңкі бар гүлдердің айқын иісі арқылы сипатталады, сондай-ақ кептірілген жеміс, бал, райхан және жалбыз иірімдері бар жұпар жүзімі мен цитрус тонына тән ноталар сезіледі.
Тәтті ақ шарап тәтті мен қышқылдың тамаша теңдестігін тапқан, жұмсақ әрі қаныққан дәм. Таңдайда жұпар жүзімінің иірімдері бар нәзік, жұмсақ және жеміс-карамель дәмі қалады.
Кеш терілген шарап (vendange tardive, late harvest) Жидектер барынша тәтті болуы үшін терімді қазанның соңы – қараша айының басына дейін қалдырады. Мұның нәтижесінде тәтті жидектерді жинап, қалдық түріндегі қант шарапқа өтеді. Мұның арқасында шараптың бұл түрі десерттік, тәтті болып әзірленеді әрі құрамында алкоголь аз. Ас соңында десерттермен бірге ұсынылатын классикалық шарап. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.