Cabernet Sauvignon GRAND RESERVE
100% Каберне Совиньон сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл құрғақ шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қара қарақат, шие, қарабүлдірген, емен, шоколад және темекінің жидекті-татымды акценттері арқылы түрленіп, алуан жұпарға бай, көркем иіс; сондай-ақ дәмдеуіштердің жұмсақ, гүлдердің нәзік нюанстарына, шегіргүл, кепкен шөптер мен балғын жалбыздың иісімен әрлене түседі.
Шараптың таза, алуан түрлі әрі күрделі дәмі кілегейлі құрылымға, қарақат, қарабүлдірген, алша ноталарының терең тұңғиығына толы, шөптер, кофе, қызылмия, тұрақты таниндер мен таңдайда ұзақ сақталатын созылмалы иірімдермен толыққан түскен. Күрделі Каберне Совиньон жеңіл тіскебасардың дәмін басып озады. Сондықтан ол қуырылған және ысталған ет тағамдарымен тамаша үйлесім табады. Шараптың бұл түрімен кәуап, саңырауқұлақ тұздығы қосылған стейк, сапалы сырды қоса ұсынуға болады.
Шараптың емен бөшкелерінде ұзақ мерзімді сақталуы оны таниндермен және басқа да илік заттармен байыта түседі, олар өз кезегінде сусынды ұзақ мерзімді сақтау кезінде оның бұзылып, бүлініп кетуінен сақтайды. Тағы бір қосымша фактор (бірақ ең негізгісі емес) – бөшкеде әбден бабына жетіп піскен, қышқылдығы жеткілікті, сапалы қолмен іріктеуден өткен ең жақсы жүзімдерден әзірленген шараптар ғана сақталады. Бұл да ұзақ мерзімді сақтаудан кейінгі шараптың сапасына айтарлықтай әсер етеді. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.