Cabernet Franc Grand reserve
100% Каберне Фран сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл құрғақ шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қызыл құрғақ шарап қанық қою-қошқыл рубин түсіне ие. Шараптың айқын сезілетін хош иісі таңқурай, қаражидек, шегіргүл, жасыл бұрыш, темекі, қара шоколад және кофенің иірімдеріне бай.
Шараптың айқын сезілетін хош иісі таңқурай, қаражидек, шегіргүл, жасыл бұрыш, темекі, қара шоколад және кофенің иірімдеріне бай.
Өзінің барқыт құрылымы, шырынды дәмі, таңдайда ұзақ сақталатын жұмсақ таниндерге бай әрі көркем дәмі арқылы еліктіре түседі. Жұмсақ таниндері, тамаша құрылымы бар таңдайда ұзақ сақталатын татымды қышқыл, толыққан, қаныққан дәм. Шарап грильде немесе тұмшапеште әзірленген еттің алуан түрлерімен тамаша үйлесім табады: қозы каресі, қой жауырыны, майлы стейктер, бұғы еті және қабан еті. Мұндай тағамдарды орегано, гүлшетен немесе тимьян секілді қош иісті дәмдеуіштермен толықтырған жөн.
Grand Reserv Каберне Фран құрғақ қызыл шарап жертөледе кем дегенде 5 жыл сақталуы тиіс, оның ішінде 1-1,5 жыл емен бөшкесінде, қалған уақытта бөтелкеде бапталғаны дұрыс. Мұндай форматтағы шараптар сақталғанына алты жыл толғанда ғана сатылымға шығарылады. Әдетте ұзақ мерзімді сақтауға арналған бөтелкелер сүргішпен бекітіледі. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.