Viognier
100% Вионье сортынан арнайы технология бойынша әзірленген ақ құрғақ шарап.
Бірегей сортты ақ жүзім – хош иісті қазына. Вионье сортынан жасалған шараптар өзінің экзотикалық нәзік жұпарымен және дәмінің тұнықтығымен елітеді, сирек кездесетін бұл сорт өзінің ғажайып қасиеттері арқылы жетекші сортқа айналды.
Ақ құрғақ Вионье шарабы ваниль мен тосттың нәзік иірімдері, жұтымнан кейінгі жағымды, тұрақты және жеңіл қышқылтым ноталары тамаша теңдестік тапқан дәмге ие. «Бокалдағы осы жаз» - шараптағы балбырап піскен өрік, мандарин, үшқат, мускус және акация ноталары арқылы айқын көрінеді.
Шарапты аперитив ретінде ұсынуға болады, ол теңіз өнімдерімен, салаттармен, ақ етпен және балықпен тамаша үйлеседі. Ежелгі аңыздарға сәйкес, көшеттерді Франция аумағына рим императоры Марк Аврелий Проб Далмациядан (Хорватияның тарихи өңірі) әкелген. Тағы бір нұсқада көшеттер Францияға кездейсоқ тап болғаны айтылады: оларды Рона өзені бойынша тасымалдап жүрген кемеге қарақшылар шабуыл жасаған. Шабуыл нәтижесінде жүзім сабақтары Вьен қаласына жеткен. Сорттың атауы да осылайша қалыптасқан. Шынайы шығу тегіне келер болсақ, ДНҚ-тестілеулер мынадай нәтиже көрсетті: вионье балқандық емес, француз жеріне тиесілі. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.