Cabernet Franc Sweet RESERVE
Кеш жиналған 100% Каберне Фран сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл тәтті шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қара-лағыл түсті шарап
Күрделі кермек, қышқылтым және таңдайда сақталатын тұтқыр дәмі бар шарап. Бұл сорттың тұрақты әрі айқын сезілетін ноталары – таңқурай, қара қарақат, шегіргүл және графит, жасыл бұрыш және чили. Шарап өзінің жібек құрылымы арқылы қаныққан, толыққан дәмі арқылы, сондай-ақ жеміс-бальзамдық реңкі мен таңдайда ұзақ сақталатын жағымды таниндері арқылы еліктіреді.
Ас соңында десертпен бірге ұсынылатын классикалық шарап шоколад, пісірмелер, пісте, көк сыр және жемістермен тамаша үйлесім табады. Кеш терілген шарап (vendange tardive, late harvest). Жидектер барынша тәтті болуы үшін терімді қазанның соңы – қараша айының басына дейін қалдырады. Мұның нәтижесінде тәтті жидектерді жинап, қалдық түріндегі қант шарапқа өтеді. Мұның арқасында шараптың бұл түрі десерттік, тәтті болып әзірленеді әрі құрамында алкоголь аз. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.