Cabernet Franc Nero Amarone RESERVE
Кеш жиналған, жүзімнің солған жидегінен әзірленетін, 100% Каберне Фран сортынан арнайы технология бойынша жасалған қызыл құрғақ шарап. Француз емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қою-қошқыл, рубин түсті шарап.
Қара өрік, мейіз, інжір, ащы бадам, қызыл мия, қарағай, даршын, темекі иісі айқын сезіледі.
Дәм ноталары: шие, қызыл қарақат, қара өрік, бәден, какао, жұпар жаңғағы, шекерленген талшын.
Кеш жиналған шараптар (vendange tardive, late harvest) Амароне өндірісінің ерекшелігі – жүзімнің жинауға дейін-ақ солып қалуы. Жүзім өсіру үдерісінің осы сәтке дейінгі іс-әрекеттерінің барлығы басқа қызыл шараптарға қолданылатын әдістерден еш айырмашылығы жоқ. Аңызға сәйкес Амароне шарабы жертөледе бағзы заманда ұмыт қалған Речото бөшкесін 1936 жылы тауып алған Adelino Lecchese арқасында пайда болған. Шарап тым ұзақ сақталғандықтан қанттың барлығы спиртке айналған. Синьор шараптың дәмін татып көріп, «Бұл шарап қышқылтым емес – ол ап-ащы (amarone)!» деп таң қалған, шараптың атауы да осыдан қалыптасқан. Бірегей, өзгеше шараптың бұл түрі майлы стейкпен, бұғы етімен, ұзақ сақталған сырлармен, шоколадпен, ризоттомен тамаша үйлеседі. Сондай-ақ қыр құстарының етімен, қуырылған және еттен әзірленген деликатестермен ұсынуға болады. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.