Merlot Nero Amarone RESERVE
Кеш жиналған, жүзімнің солған жидегінен әзірленетін, 100% МЕРЛО сортынан арнайы технология бойынша жасалған қызыл құрғақ шарап. Француз емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қара-рубин түске ие
Қарабүлдірген, піскен шие, құрғақ шөптер, иленген тері мен қызылмияның иірімдері араласқан қарқынды иіс
Шекерлендірілген құлпынай, қара өрік, мейіз, даршын және қара шоколадтың тәтті-кермек иірімдері, өзіндік жеке тұнық, қойылтылған дәмі бар шарап
Шарапты әзірлеу технологиясы ерекше: жүзімді алдымен ашық ауада (100 күнге жуық) кептіреді (жидекті солдыру), мұның нәтижесінде ол өзінің 42%-ға жуық салмағын жоғалтады. Ферменттеуден кейін шарапты 18 ай бойы емен бөшкелерінде сақтайды. Сақтау әлеуеті 15-20 жыл аралығын құрайды. Амаронені үстелге ұсынуға бір сағат қалған уақытта ашуға кеңес беріледі. Дала аңдарының етімен (бұғы еті), бұқтырылған немесе грильде әзірленген қызыл етпен, піскен, ұзақ сақталған сырлармен тамаша үйлесім табады. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.