Kagor (Cabernet Franc) RESERVE
100% Каберне Фран сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл тәтті шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Қара рубин түсіне ие
Шараптан какао-шоколад тоны сезіледі, сондай-ақ трюфель ноталары да байқалады – бұл дәмі бабына жетіп сақталған Кагордың белгісі.
Шараптың дәмі тұнық, сіңімді, жұмсақ, барқыт құрылыммен үйлесімді.
Бұл шырын Орта ғасырларда, қажылыққа бара жатқан адамдар танымал Сантьяго жолы арқылы жүріп бара жатып, Каор қаласына табан тіреген уақытта айрықша танымалдыққа ие болған. Ұзақ жолдан қажыған саяхатшылар сергітетін каормен сусындап, кейіннен оның сиқырлы емдік қасиеттері туралы басқаларға баяндаған. Кейіннен Каордан дүниеге келген жоғарғы понтифик папа Иоанн ХХII бұл сусынның даңқын арттырып, оны кагормен араластыруды ұсынған. Қуырылған үйректің, қойдың немесе жабайы аңдардың майлы етімен, сондай-ақ десертпен (мысалы, шоколад десерттермен, балмұздақ және тосаппен) бірге ұсынылады. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.