Cabernet Sauvignon RESERVE
100% Каберне Совиньон сортынан арнайы технология бойынша әзірленген қызыл құрғақ шарап. Емен бөшкесінде 16 айдан және бөтелкеде 6 айдан кем емес уақыт бабына келтірілген.
Мәйегі мен қабығының арақатынасы тұнық күрең түсті қалыптастырған, шарапқа талғампаз әрі үйлесімді жұпар иіс тән, сондай-ақ қарақат, қарабүлдірген және қойбүлдірген сияқты жидектердің жеңіл нотасын, татымдылар мен қара ваниль бұрышының, ысталған дәмдеуіштер мен темекі иірімдерінің де иісін қамтиды.
Күрделі, аңқыған, барқыт жұпар иісі. Шараптың қоюлығы орташа.
Дәмі жеткілікті деңгейде қуатты, татымды-жидекті, қышқылдылығы жоғары, тәтті жидектер мен ащы дәмдеуіштер тамаша теңдестік тапқан, таниннің иірімі де сезіледі. Шараптың бұл түріне сиыр еті, стейк, грильде әзірленген қой еті керемет үйлеседі, сондай-ақ майлы етпен, қуырылған және ысталған тағамдармен қоса ұсынуға болады.
Каберне совиньон – әлемдегі ең кеңінен таралған техникалық жүзім сорты. «Техникалық» дегеніміз оны балғын түрінде тұтынбай, шарап өндіруіне байланысты. Бұл сорттың жидектері кішкентай, ал қабығы қалың, сондықтан да оны жеу шын мәнінде аса жағымды бола қоймайды. Ал өз ісінің шеберіне тап болған шарап расында керемет сусынға айналады: күшті, қаныққан, өте ұзақ сақтауға жарамды және уақыт өте келе өзінің дәм сапасын тек арттыра түседі. Ұсыну кезіндегі температура 12-14°С болуы тиіс.