БІР БОКАЛДАҒЫ ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС ҮЙЛЕСІМІ ЗАУЫТ ТУРАЛЫ

Зауыт туралы

Өзіңіз үшін біздің шарап әлемін ашыңыз - дәл қазір каталог бетіне өтіп, кез келген жағдайға қолайлы ұнамды шарапты табыңыз!

Каталогқа өту

2010 жылы Chateau Silk Alley (Жібек аллеясының Шатосы) атауы көркем шарап кешенін салу туралы шешім қабылдады.

2010 жылы Chateau Silk Alley (Жібек аллеясының Шатосы) атауы көркем шарап кешенін салу туралы шешім қабылдады. Бұл жоба – климаттық деректер бойынша Франциядағы беделді Бордо (Institut d 'Oenologie de l' Universite de Bordeaux II) институтының жоғары білікті мамандарымен бірлесе жүргізілген көпжылдық зерттеулердің нәтижесі. Осылайша, біз қазіргі таңда шарап өндірісіндегі әлемдік көшбасшылармен бәсекелесуге мүмкіндік беретін қазақстандық шарап жасау идеясын жүзеге асыра алдық. Осы күш-қайрат, ерік-жігердің нәтижесінде біздің Chateau Silk Alley шарап кешені сапасы жоғары шарап өндіретін орынға ғана емес, сонымен қатар дәмі тіл үйіретін жүзімдіктер мен тұнық көлдерді түйістірген нағыз табиғат бұрышына айналды.

Өндірістік кешен

Біздің зауытта озық әдістер мен заманауи тәсілдерді қолдана отырып, өнер мен ғылымның өзара үйлесімінен таңдаулы шарап шығарылады. Бізде жүзімді жинау сәтінен бастау алатын шарап өндірудің мұқият үдерісі жүзеге асырылады, алайда нағыз сиқыр шарапты араластыру шеберлігінінен басталады. Бұл үдеріс тартымды дәм және хош иістің тамаша тепе-теңдігіне қол жеткізу мақсатында жүзім мен шарап өнерінің түрлі сорттарын біріктіре араластыруды қамтиды.

Бұдан кейін шараптарды сақтау және бабына келтіру кезеңі басталады, бұл кезең арнайы әзірленген жағдайда жүзеге асырылады. Мұнда шарап емен бөшкелеріне құйылып, біраз уақыт сақталады, бөшкедегі шарап дәмінің сипаты мен тұңғиығы біртінде дамиды. Бұл үдеріс әрбір бөлшекке мұқият назар аударды және шыдамдылықты қажет етеді, осылайша әрбір шарап бөтелкесінің нағыз әлеуетін толыққанды танытуға мүмкіндік туады.

Бөтелкеге құю – шарап әзірлеу үдерісінің ажырамас бөлігі, бүл кезеңде шарап дайындау ісінің шеберлері өздерінің бар өнері мен тәжірибесін осы іске арнайды. Бірегейлік пен мінсіз сапаны сақтау мақсатында әрбір бөтелкенің толтырылуы мұқият бақыланады.

Бірақ біздің шарап әлеміндегі оқиғаларымыз мұнымен аяқталмайды. Шараптың бүкіл кезеңде балғындығы мен әсемдігін сақтау үшін тотығуды бақылау маңызды аспект деп саналады.

Зауыттағы мамандар тотығу үдерісін мұқият қадағалап, оның жағымсыз әсерлерінің алдын алып, шарапты мінсіз күйде сақтайды. Осылайша заманауи зауытта әзірленген әрбір бөтелке таңдануға тұрарлық бірегейлік пен талғампаздықты бір толқында түйістіреді. Мұнда шарап жасау өнері мен технологиялық жетістіктерді шебер үйлестіре білген шарап өндірісіне заманауи тәсілдеме қолданылады. Нәтижесінде дәмге деген талғамды қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар осы бекзат сусынды әзірлеудің шынайы өнерін көрсететін шарап пайда болады.

Шато

Біздің шарап шатомыз орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптарында біздің кешенге қажетті басымдықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірнеше қосымша салаларды дамытып отырмыз. Мұнда бірегей атмосфераны қалыптастыратын ауыл шаруашылығының алуан түрлі формалары бар.

 

Біздің шато аумағындағы ара шаруашылығы айрықшы маңызға ие. Өздерінің еңбекқорлығы арқасында гүлдерден бал шырындарды жинайтын еңбекқор аралар өсімдіктерді, соның ішінде жүзім бұталарын тозаңдандыру үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі, Silk Alley шатосында олардың 150 отбасы бар.

 

Шатода қой шаруашылығы да маңызды рөл атқарады. Қой табындары экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында кең жайылымдарда жайылады.

 

Құс шаруашылығын өз жемісін жаңа піскен ет пен жұмыртқа түрінде береді. Біз қауырсынды достарымыздың тіршілік етуіне қамқорлық жасаймыз, олар жайлы өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасаймыз, бұл өз кезегінде алынатын өнімдердің сапасына әсер етеді. Бізде құстардың алуан түрлері бар: тауықтар, қаздар, үйректер және Гвинея құстарының бірнеше түрлері.

 

Балық өсіру біздің кешеннің ажырамас бөлігіне айналды. Арнайы жасалған төрт каскады көлімізде бекіре, сазан, ақ марқа және ақ амур өсіреміз.

 

Жылқы шаруашылығы – талғампаздық пен көркемдіктің көрінісі кең, бітімі бөлек сұлу жылқылар кең, жасыл шалғындарда жайылып, шарап кешенінің жалпы атмосферасын одан сайын көріктендіре түседі және ат спортымен әуестенетіндер үшін үлкен қуаныш сыйлайды.

 

Жеміс ағаштарын өсіру – бірегей кешеніміздің тағы бір құрамдас бөлігі. Бізде жаңғақ, бадам, пісте, құрма, тұт және т.б. сияқты сорттар өседі.

 

Сондай-ақ, кешеннің аумағында керемет жылыжай бар, онда біз апельсин, мандарин, лимон және грейпфрут өсіреміз. Оның ішінде айрықша бір орын бар — қолмен ойылған оюлармен безендірілген дөңгелек жаңғақ ағашы. Ең қызықтысы – қысқы егін жинау кезеңі, желтоқсанның аязында сіз цитрус жемістерінің хош иісінен ләззат алып, жасыл желектер мен түрлі жемістердің қоршаған жайлы орта тыныға аласыз.

Көбірек

Жүзімдіктер

Әлемдегі ең қымбат және беделді брендтердің айтулы бестігіне кіретін шарап өндірістерінде: Chateau Petrus, Chateau Margaux, Chateau lafite-Rothschild, Chateau Mouton-Rothschild және Chateau Cheval Blanc тек Бордо және Прованс провинцияларының ең жақсы сорттарын пайдаланады. Біз де олардың сан ғасырларды қамтитын тарихынан шабыт алып, шараптарымызды өндіру үшін осы сорттарды таңдадық.

 

Біз Франция провинцияларынан сұрыпталған 10 түрлі жүзім өсіреміз:

ақ сорттар:

  • Chardonnay
  • Sauvignon Blanc
  • Viognier
  • Muskat Ottonel
  • Muscat Petit

қызыл сорттар:

  • Merlot
  • Cabernet Franc
  • Syrah
  • Cabernet Sauvignon
  • Pinot Noir

 

Сонымен қатар біздің климатқа бейімделген екі грузин жүзімін өсіреміз:

  • Saperavi
  • Rkatsiteli

 

Біздің жүзімдіктер расында бірегей әрі ерекше жерде орналасқан. Мұнда температура +6°C-тан сирек төмен түсетін жылы қысы, температура 45-50°C-қа жететін ыстық жазы бар шұғыл-континентальдық климат орнаған. Біздің жүзімдіктер Өзбекстан шекарасымен шектескен Түркістан облысында орналасқан, сондықтан шуақты, жылы күндер әбден жеткілікті. Бұл аймақ ФБР қосындысы нормадан 100%-ға асатын жетінші жарық аумағында орналасқан. Осы жағдайлардың арқасында біз сапасы жоғары жүзім өсіріп, расында дәмі тамаша әрі бірегей шараптарды әзірлейміз.

Көбірек

Марапаттар

Біздің шараптар халықаралық іс-шараларда жүлделі орындар тұғырынан көрініп, әлемнің кез келген аумағындағы шарап әуесқойларының жүрегін жаулады. Шарапымыздың дәмі мен өндіру технологиясы бізге түрлі іс-шараларда өнер көрсетуге және қазақстандық шараптардың дәмін ұсынуға мүмкіндік береді.

MUNDUS VINI SPRING TASTING 2023

MUNDUS VINI SPRING TASTING 2023

MUNDUS VINI SPRING TASTING 2023

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

Decanter 2017 ASIA WINE AWARDS

MUNDUS VINI SPRING TASTING 2023

Rkatsiteli 2017

Syrah 2019

PRODEXPO INTERNATIONAL WINE COMPETITION & GUIDE

Muscat Ottonel 2016

Chardonnay 2020

Decanter 2017 ASIA WINE AWARDS

Pinot Noir 2020

Cabernet Franc Nero Amaro 2019

Saperavi 2019

Chardonnay 2020

Saperavi 2019

Cabernet Franc Sweet 2017

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

Cabernet Franc Rose 2017

Muscat Ottonel Sweet 2016

Viognier 2016

Chardonnay 2014

Cabernet Sauvignon Rose 2017

INTERNATIONAL WINE CHALLENGE 2018

Muscat Ottonel 2016

Chardonnay 2015

Rkatsiteli 2015

Muscat Ottonel 2016 Limited Edition

MUNDUS VINI MEININGER 2018

Cabernet Franc 2013

Decanter 2017 ASIA WINE AWARDS

Muscat Ottonel 2016

Nomination Breakthrough of the Year - GOLD MEDAL

BLACK SEA WINEMAKING FORUM Moscow 2017

Muscat Ottonel Sweet 2016 - SILVER MEDAL

International Wine Contest Black Sea Wines 2017

Рақмет сізге!

Біз сізге қайта қоңырау шаламыз

Сіз қазірдің өзінде 21 жастасыз ба?